Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Кезексіз пәтер алып беремін”: Қызылордада тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды

Қызылордада кезексіз пәтер алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

15 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғаны туралы арызданған. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, ​“кезексіз пәтер алып беремін” деп 500 мың теңге ақшасын алған. Ақшаны алғаннан кейін уәде орындалмаған, ақша да қайтарылмаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленушіден алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жібергені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру