«Кезектен тыс пәтер алып беремін»: қызылордалықты млн теңгеге алдап кеткен әйел құрықталды
Қызылордада тұрғынға пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші кезектен тыс пәтер алып беремін деген желеумен сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 млн теңге көлемінде ақшасын иемденген әйелге қатысты заңды шара қолдануын сұраған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұл тартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.