Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау көшелерінде 100-ден астам полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Күн сайын 100-ден астам полицей Көкшетау көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының Полиция департаментінде күнделікті қызметтік міндеттерді атқаруда сервистік модельді іске асыру жалғасуда.

Құқық қорғау органы қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қылмыспен күресумен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрмыстық саладағы, адамдар көп жиналатын орындар мен көшелердегі жанжалдарға жедел ден қою. Полицияның осы бағыттағы қызметі қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар санын 13,7%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Күн сайын облыс орталығының көшелерін 100-ден астам полиция қызметкері, сондай-ақ авто және жаяу патрульдер құрамында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері патрульдейді. Оларды орналастыру өткен тәуліктегі криминогендік жағдайды талдауға сәйкес жүргізіледі, онда неғұрлым криминогендік аудандар ескеріледі, бұл кешенді күштердің нарядтарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, көше қылмысының алдын алу, өсімін төмендету, сондай-ақ қылмыстарды «ізін суытпай» ашу мақсатында патрульдеу күшейтілді және тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтарда, парктерде және алаңдарда жаяу патрульдік нарядтардың тығыздығы артты.

Қабылданған шаралар қоғамдық тәртіп желісі бойынша 1 500-ге жуық бұзушылықтың жолын кесуге мүмкіндік берді: 484 ұсақ бұзақылық фактісі анықталды, алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 400 көкшетаулық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу нарядтар 140-тан астам тесіп-кесетін заттарды тәркіледі, бұл басқа да ауыр қылмыстарды болдырмауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының аумағында полицияның 7 заманауи стационарлық бекеті жұмыс істейді. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алу, және ашу мақсатында адамдар, әсіресе жастар көп шоғырланған жерлерде орналасқан, ал қаланың халық тығыз орналасқан шағын аудандары мен әлеуметтік маңызы бар объектілерге ерекше назар аударылған.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері стационарлық бекеттерде тәулік бойы қызмет атқарады, яғни азаматтар кез келген уақытта көмекке жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру