Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау қаласының полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Көкшетау қаласының полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 51 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

Ұсталған адам бұрын ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотталған.
Сот қаулысына сәйкес, ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Алайда тұрғылықты жері бойынша айтулы уақытта белгіленуге келмеді, осыған байланысты Астана қаласы ПД Байқоңыр аудандық полиция бөлімі қылмыскерді іздестіруге жариялады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Ақмола полицейлері іздеуде жүрген 32 қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру