Көкшетау тұрғыны СҚО патрульдік полицейлеріне алғыс білдірді
Көкшетау тұрғыны СҚО патрульдік полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
44 жастағы Көкшетау тұрғыны Алексей Кушенов өзінің Нұр-Сұлтан—Петропавл автожолында қауіпті жағдайға тап болғаны жайлы айту үшін СҚО Полиция департаментіне қоңырау шалған.
22 желтоқсанда ол ВАЗ-2106 көлігімен үйіне қарай бет түзеген. Боранды түн, айналада түк көрінер емес. Рублёвка ауылының маңында көліктің шамы көмескі тарта бастаған. Жүргізуші көлікті тоқтатса, кейін оны оталдыру мүмкін болмайтынын сезініп, сапарын жалғауды жөн көрген. Алайда тоқтауына тура келген. Аялдауды құрамында Рият Аңдаспаев пен Нариман Бекпаев бар СҚО ПД патрульдік полиция батальоны экипажы талап еткен.
– Көлігімнің артқы габариттік шамы жанбай қалғанын және доңғалақтың желі шығып кеткенін сол кезде ғана білдім. Полицейлер түсіністікпен қарап, троспен сүйреп оталдыруға көмектесті, жақын жердегі көлік жүргізушілері тоқтайтын жерге жеткізіп салды. Басқа экипажбен байланысқа шықты, одан әрі менімен полиция капитаны Андрей Новицкий мен аға лейтенант Батырхан Молдажанов ілесіп жүрді, – дейді Алексей.
Айта кететін болсам, Молдажанов маған көмек беруге келіскен адамды тауып алды. Түн жарымында уақытпен санаспай, Рощинск ауылының тұрғыны Александр Хомич “қосалқы доңғалағын” әкеліп, жарық құрылғыларының сөнуіне себеп болған генератордағы ақауды жөндеуге көмектеседі. Риза болған көкшетаулық қол ұшын бергендерге алғысын білдірді.
– Жас кезімнен көлік жүргізіп келемін, түрлі жағдайлар кездеседі, айналып өтпей өзім де жолда адамдарға көмектескен едім. Істеген жақсылығың алдыңнан шығады деген сөздер ойға оралады. Осындай абзал жандарды кездестіріп, олардың көмегі арқасында аман-есен үйіме жеттім, – деді ол.
Келесі күні Кушенов Хомичке қосалқы доңғалағын қайтарған және полицейлерге алғыс білдіру үшін СҚО ПД телефонын іздеген.