Көкшетауда 5 канализациялық люкті ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Көкшетауда 5 канализациялық люкті ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 желтоқсанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына қаланың коммуналдық кәсіпорын басшылығының 1-15 желтоқсан аралығында облыс орталығының шағын аудандарының бірінің аумағында белгісіз біреулер 5 канализациялық люкті ұрлап кеткендігі туралы арызы келіп түсті.
Шығын сомасы 180 мың теңгені құрады.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысқа екі қатысушыны анықтады. Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.