Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 15 қап ақбөкен етін алып бара жатқан елордалық ұсталды

Қарағанды облысында 15 қап ақбөкен етін алып бара жатқан елордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 желтоқсанда Қарағанды облысы ПД Шет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыстың ПД патрульдік полиция батальонының жасағымен бірлесіп “Ақбөкен” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Тәртіп сақшылары түн жарымында Алматы-Екатеринбург тас жолымен келе жатқан көлікті тоқтатқан.

Нұр-Сұлтан қаласының 48 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тексеру кезінде 15 қап ақбөкен еті, кесілген карабин, патрондар тауып, тәркіледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру