Көкшетауда 61 жастағы тұрғын көршісінің әмиянын ұрлап кетті
Көкшетауда 61 жастағы тұрғын көршісінің әмиянын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бұрын жасалған ұрлықты ашты. Жәбірленушіден полицияға 3 қазанда арыз келіп түсті, 64 жастағы қала тұрғыны полицияға оның кіреберісте қалдырылған сөмкесінен белгісіз адам «Kaspi Bank» және «Halyk Bank» банк карталары бар әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Ол өтініш берушінің 61 жастағы көршісі болып шықты. Ұрлық болған күні жәбірленушінің туыстарының бірі абайсыздан кіреберіс есікті ашық қалдырған, сол кезде зейнеткердің өзі намаз оқып жатқан.
Қаскүнем ашық есікті байқап, біреудің пәтеріне кіріп, кіреберістегі сөмкесінен ұрлық жасады. Тексеру барысында күдіктіден ұрланған әмиян мен жәбірленушіге тиесілі банк карталары тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК-нің 187-бабы (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қарастырылуда.