Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері автокөліктен ұрлық жасаған ер адамды ұстады

Автокөліктен ұрлық жасағаны үшін полиция қызметкерлері Жамбыл облысының 41 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қордай ауданының полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын үйінің ауласына қойылған “Audi” автокөлігінен белгісіз адамның көліктегі қосалқы дөңгелек мен кілттер жиынтығын жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 85 мың теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Қордай ауылының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті азамат өз кінәсін мойындап, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру