Көкшетауда күзетші мектеп техникасын ұрлап кетті
Көкшетауда күзетші мектеп техникасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 17 тамызда учаскелік полиция инспекторы Есімов Асылханға қала мектептерінің бірінің директоры ағымдағы жылғы 13-15 тамыз аралығында мектептен тоғыз ноутбук, үш планшет, үш вебкамера және үш дана құлаққап ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді, келтірілген шығын сомасы 1,4 млн.теңгеден асты.
Полицейлерге күдіктіні табу қиын болған жоқ. Олар осы оқу орнында жұмыс істейтін үш күзетшіден жауап алды. Олардың бірі – жақында жұмыс істейтін 28 жастағы қала тұрғыны өз кінәсін мойындады. 188-баптың 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.