Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

100 адамға той: Алматы облысында карантинге қарамай қызмет көрсеткен мейрамхана анықталды

Алматы облысында карантинге қарамай қызмет көрсеткен мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас санитар дәрігері қаулысының қолданыста болуына қарамастан көңіл көтеру орындары тарапынан санитарлық талаптардың бұзылуы жиі кездесуде. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының, дәмхана мен мейрамханалардың санитарлық-карантиндік тәртіптің белгіленген нормаларын сақтауы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.

19 тамыз күні Қарасай ауданының полицейлері рейдтік шара барысында Бесқайнар ауылында орналасқан мейрамханалардың бірінде үйлену тойы өткізліп жатқанын анықтады. Мейрамхана карантин талаптарына қарамастан өз жұмысын еш кедергісіз жалғастырған. Тойға 100 адам қатысқан.

Анықталған дерекке қатысты жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру