Көкшетауда оқу орнының есігінің әйнегін сындарған ер адам ұсталды
Көкшетауда оқу орнының кіреберіс есігінің әйнегін сындарған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 мамырда 102 арнайы желісіне Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған оқу орындарының бірінің басшысынан бұзақылық фактісі туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел басқару орталығы күдікті мен оның жүріп-тұруын сипаттайтын бағдарды дереу қаланың патрульдік полициясы батальонының барлық экипаждарына бағыттады. Оқиға орнына келген Әскер-2 экипажының қызметкерлері 9 мамырда таңғы сағат 07.40 шамасында белгісіз адам оқу орнының кіреберіс есігінің әйнегін сындырғанын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қаскүнем табылды. Оқу орнының күзетшісі оны таныды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.