Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жанұя шырқын бұзған 600-ге жуық тұрғын есепке алынды

Қызылордада жанұя шырқын бұзған 600-ге жуық тұрғын есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

Жыл басынан бері полицияның 102 арнасына жанұя жанжалы бойынша 328 хабарлама келіп түскен. Тұрмыстық қарым-қатынаста тыныштықты бұзған 211 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 596 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды. 154 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар орнатылды.

Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, қайта құқық бұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, қала аумағында үш Әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен жыл басынан 82 азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру