Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығының тіркелуі 44,6 пайызға азайды

Түркістан облысында мал ұрлығының тіркелуі 44,6 пайызға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың төрағалығымен мәжіліс залында мал ұрлығының алдын алу іс-шарасын күшейту мақсатында маңызы зор кездесу өткізілді.

Аталған шараға Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т. Елекеев пен ветеринарлық бөлім бастығы Б. Омаров қатысты.

Күн тәртібінде мал ұрлығына тосқауыл қою, үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын болдырмау мәселесі көтеріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты. Яғни, “Ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру” деректер базасын өзектендіру, тасымалданатын малға ветеринариялық құжатты тапсыру тәртібі, стационарлық ветеринариялық бекеттерді құру мәселесін қарау, сонымен қатар ҚР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының Түркістан аумағында іске асырылу кең көлемде талқыланды.

– Жыл басынан бері облыста 72 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыстың тіркелуі 44,6 пайызға төмендеді. Ал 72 мал ұрлығының 27-сі қора-жайдан болса, 45 дерегі жайылымнан ұрланған. Яғни, жалпы алғанда тұрғындардың 360 бас малы ұрының қолына түскен. Осы жылда 1700-ден астам мал тиелген жүк көліктері тексерілді. Соның нәтижесінде, 336 үй жануары құжаттары болмағаны және сырғаланбағаны бойынша анықталып, бұл жайт ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) тіркелді. Бүгінде жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдану үшін ветеринария инспекциясына жолданды, – деді Қ. Сақов.

Өзекті мәселе бойынша ұйымдасқан келелі кездесудің соңында Қ. Сақов мал ұрлығын азайту мен болдырмаудағы ұсыныстарын жеткізді. Яғни, ұрлықтарды ашуға септігін тигізетін техникалар санын арттыру, малдардың қараусыз жайылу мәселесін бірлесіп шешу, халықпен кездесулерде айтылған сын-ескертпелер бойынша жұмыс жасау, “үшжақты келісімшарт” жобасын одан ары жандандырып, жалғастыру, мал тасымалдаушы, сатушы басқа да осы іске қатысы бар тұлғалардың тасымалдау тәртібінің талаптарының орындалуын тексеру. екенін атап айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру