Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында “Сіздің жолаушыңыз – бала” автошеруі өтуде

Қарағанды облысында “Сіздің жолаушыңыз – бала” автошеруі өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда Қарағанды қаласында Қарағанды – Құрма – Ақсу – Аюлы – Балқаш – Приозерск бағыты бойынша “Сіздің жолаушыңыз – бала” атты үгіт-насихат автошеруі басталды.

Автошерудің мақсаты – жолаушы балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту, қоғамның, көлік жүргізушілерінің автокөлік салонында балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды қолдану қажеттілігі туралы айту.

Қарағанды облысының Құрма ауылында Абай ауданының патрульдік және ювеналдық полиция взводының қызметкерлері жазғы демалыс кезеңінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын зерделеу бойынша әңгіме жүргізіп, кейіннен бейнероликті көрнекі көрсетті.

1-4 сынып оқушылары арасында “Қауіпсіз жаз”, “Абайлаңыз, жаяу жүргінші” суреттер конкурсы өткізілді. Ақсу-Аюлы ауылындағы екінші аялдама кезінде Шет ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері мен Қызыл Жарты Ай қоғамдық бірлестігінің өкілдері жүргізушілерге баланы ұстап тұратын құрылғыны орнату және оған баланы тағу ережелерін көрсетті.

Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары мен “Қыран” ЖЖИ жасағы ЖҚЕ сақтау бойынша бағдарламамен сөз сөйлеп, көлік құралдарының жүргізушілеріне буклеттер, жадынамалар таратты. Қызыл Жарты Ай қоғамдық бірлестігінің өкілдері балаларды жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне үйретті. Автошеру өз жолын маршрут бойынша жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру