Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицейлер бөтеннің банк картасынан ақша алған қаскүнемді анықтады

Ақмола облысында полицейлер бөтеннің банк картасынан ақша алған қаскүнемді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер банк картасын жоғалтып алған жағдайда, оны зиянкестер пайдаланғанға дейін картаны Банктің шұғыл желі телефоны бойынша, мобильді қосымша, интернет-банкинг немесе SMS арқылы бұғаттауды ұсынады.

Мәселен, Көкшетау қаласының полиция басқармасына 27 жастағы жергілікті тұрғын Kaspi Gold банк картасының жоғалғаны туралы арызданған, одан кейін белгісіз адамдар бес мың теңге сомасында ақша қаражаты алынған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қаскүнем – облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру