Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда патрульдік полицейлер 25 мыңға жуық құқық бұзушылық анықтады

Ақтауда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жыл басынан бері 25 мыңға жуық құқық бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есепті кезеңде көшелерде және қоғамдық орындарда жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыс бойынша жол-патрульдік қызмет желісі бойынша “Қауіпсіз жол”, “Құқықтық тәртіп”, “Ксенон”, “Абайлаңыз балалар”, “Автобус” сияқты 29 жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Ағымдағы жылдың жеті айында Ақтау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 24 379 құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде “нөлдік төзімділік” қағидаты бойынша – 4 359, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 20 020 әкімшілік құқық бұзушылық.

Жүргізушілер жолдағы апаттылық пен жарақаттануды төмендетуге бағытталған қарапайым ережелерді елемейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзуды талдау көрсеткендей: көбінесе жүргізушілер қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын орындамайды. Жеті айда осындай 2 844 дерек анықталды.

Тағы бір өте кең таралған бұзушылық — көрсетілген кезеңде көлік құралын басқарып, ұялы телефон қолданған 1 865 дерек анықталды.

Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін – 453 автоәуесқойға хаттама жасақталса, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін – 2 321 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Қала жолдарында 246 жүргізуші масаң күйде көлікке отырғаны анықталды.

– Жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталғанын түсіну маңызды. Біз жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуді сұраймыз. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер де жол қозғалысының қатысушылары екендерін ұмытпаулары тиіс, – деп атап өтті Маңғыстау облысының полиция бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру