Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тергеу изоляторында Абайдың 176 жылдығына орай іс-шара өтті

Қызылорда тергеу изоляторында Абайдың 176 жылдығына орай іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

А. Құнанбаевтің туған күніне орай ЗК-169/1 тергеу изоляторында АКАӘПТЖБ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Абайды оқы, таңырқа” деген тақырыпта іс-шара өтті.

Сотталғандар ақынның өмір жолы мен шығармалары жайында жан-жақты ой қозғады. Олардың бірі өлеңдерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерінің мағынасына бойлап, өз-өзін танып білді. Тіптен бір сотталған М.Әуезовтың “Абай жолын” романын оқығанын айтып, алған әсерімен бөлісті.

– “Абай жолы” романын екінші рет оқыдым. Өйткені мұнда бос уақытым көп. Романдағы Құнанбай образы ұнады. Абай жолы – қазақтың жолы екенін білдім. Бұл эпопея халқымыздың бүкіл салт-дәстүрін насихаттайды екен. Бейне бір тарихи сериал көргендей әсерде жүрмін, – деп С. есімді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру