Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Такси жүргізушісінен 800 мың теңге мен телефон ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды

Такси жүргізушісінен 800 мың теңге мен телефон ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Оның айтуынша, қала орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреу такси тоқтатып, белгіленген жерге апарып тастауын сұраған. Нәтижесінде жолаушы такси жүргізушісінің автокөлігінде тұрған 800 мың теңге ақшасын Samsung маркалы ұялы телефонын қолды қылған.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендерден жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Ол 26 жас шамасындағы күдікті әйел. Таксиге мінген жолаушы 880 мың теңге​ шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру