Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер орталық базарда қалта ұрысын ұстады

Көкшетаулық полицейлер орталық базарда қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының 60 жастағы тұрғыны ұрылардың тағы бір құрбаны болды. 6 қыркүйекте ер адам қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне өтініш білдірді. Өтініш берушінің айтуынша, облыс орталығының орталық базарында жүрген қаскүнем оның күртешесінің қалтасынан 30 мың теңге ақша қаражатын және «Huawei» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтады, ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру