Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Алматы облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Ақсу ауданы, Таусамалы ауылы көшелерінің бірінде орналасқан темір люктің ұрланғаны жайында ЖШС бірінің басшысы арызданған. Шығын мөлшері 197 мың теңге көлемінде бағаланған.

– Полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оның 37 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Сонымен қатар тергеу амалдары барысында күдіктінің бұдан өзге аудан аумағында орын алған мал ұрлығының екі дерегіне қатыстылығы белгілі болды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Қазіргі таңда күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді, – дейді Ақсу АПБ бастығы Дәурен Сәкенов.

Бүгінгі күні күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі және 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру