Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицейлер синтетика партиясымен есірткі салушыны ұстады

Көкшетауда полицейлер синтетика партиясымен есірткі салушыны ұстады. Ұсталғаннан кейін қала тұрғыны полицияға есірткі салатын орындарды көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде ақмолалық есірткі полицейлері облыс орталығының аумағында синтетикалық заттар салуда күдікті Көкшетау қаласының тұрғынын ұстау бойынша арнайы операция өткізді. Жедел қызметкерлердің ақпараты бойынша 26 жастағы тұрғыны өте жеңіл табыс көзін таңдап алған, бұл жедел-іздестіру іс бойынша дәлелдеме базасын жинау барысында расталды.

Ұстау кезінде полиция қызметкерлері «есірткі салушыға» тиесілі Toyota автокөлігінің салонынан ұнтақ тәрізді консистенциясы бар зат салынған түйіншекті тауып алып, тәркіледі. Айта кету керек, ұсталған кезде ер адам жедел уәкілдерге синтетиканы салу орындары туралы айтып берген. Аталған мекенжайларды тексергеннен кейін полиция ұқсас затпен тағы үш түйінді тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, зат «пирролидин-PVP», салмағы 6,29 гр. синтетикалық есірткісі, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өткен жылы ақмолалық есірткі полицейлері синтетикалық есірткінің 23 салушысын ұстағанын айта кету керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру