Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда сотталғандардың балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті

Көкшетауда сотталғандардың балаларына арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

23 желтоқсанда Көкшетау қаласындағы "Достар" мәдениет сарайында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Биыл бұл шара ерекше форматта өткізіліп, пробация қызметінің есебінде тұрған, жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылған сотталған азаматтардың балалары арнайы шақырылды.

Мерекелік кеш жылы әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Балалар түрлі ойындарға, билерге, жаңа жылдық викториналарға белсене қатысып, Аяз ата мен Ақшақармен жүздесті. Барлық қатысушы балаларға мерекелік сыйлықтар табысталып, олардың жүздеріне шаттық пен қуаныш сыйлады.

Құттықтау сөзінде Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Асель Нүгертаева әрбір баланың қоғамдағы тең құқылы мүшесі екенін және олардың бақытты балалық шаққа толық құқығы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар ол мұндай іс-шаралардың отбасылық құндылықтарды нығайтуға, балалардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғам тарапынан қолдау көрсетуге зор ықпал ететінін жеткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, пробация қызметі мен қоғам арасындағы сенімді арттыру, сондай-ақ балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру