Көкшетауда туысының көлігін ұрлап кеткен тұрғын анықталды
Көкшетауда туысының көлігін ұрлап кеткен тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Павлодар облысы тұрғынының өзіне тиесілі Toyota Corolla автокөлігін айдап әкету туралы арызы келіп түсті. Шығын сомасы – 2,5 млн. теңге.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол өтініш берушінің туысы – Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты.
Заттай дәлелдемелер алынды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша СДТБТ-ға енгізілді.