Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда жастар арасында «дәріханалық нашақорлықтың» таралу қаупі жайлы дөңгелек үстел өтті

Көкшетауда дөңгелек үстелде Ақмола облысының жастары арасында «дәріханалық нашақорлықтың» таралу қаупі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Диалог алаңының ұйымдастырушысы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесі. Іс-шараға фармацевтикалық бақылау және полиция, жастар ұйымдары мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Отырыс барысында құзыретті органдар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, тиісті дәріхана практикасы, дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша рецептілерді жазу тәртібі, есірткі тұтынушылар арасында дәріхана препараттарының танымалдығы, сондай-ақ жасөспірімдерді аталған дәрі-дәрмектерді заңсыз өткізуге тарту саласындағы мәселелер бойынша түсініктемелер берді.

Бұдан басқа, «Есірткісіз болашақ» өңірлік корпоративтік қорының басшысы Е.Амантаев «Жасыл сертификат» жобасын таныстырды, оны кездесуге қатысушылар қолдады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар күш-жігерді біріктіруге және оның барлық көріністерінде нашақорлықтың алдын алуға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру