Көкшетаулық полицейлер инсульт алған қарт әйелді ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті
Полицейлер инсульт алған қарт әйелді Ақмола облыстық ауруханасына жедел жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы Полиция департаментінің ведомстволық парақшасына облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны Марат жүгінді. Автоәуесқой ағымдағы жылдың 6 тамызда сағат 17:00 шамасында автокөліктің салонында оның 68 жастағы әжесінің хал-жағдайы кенеттен нашарлап, инсульт болғанын айтты.
Егде жастағы әйелдің қан қысымы жоғары көтеріліп, жүргізуші сол кезде Назарбаев даңғылы бойымен келе жатып, өкінішке орай, оның авкөлігі басқа автокөліктердің кептелісінде қалды.
«Кенеттен әжемнің денесінде құрысулар пайда болды және ол есінен танып қалды…», – деп бөлісті қала тұрғыны.
Бақытымызға орай, осы сәтте 3041 патрульдік полиция экипажының қызметкерлері, патрульде жүрген полиция капитаны Әскербек Қасымов пен кіші лейтенант Қонысбек Естаевты көрді және жігіт олардан көмек сұрады.
Полиция экипажы жарқылдауық маяктарды қосып, автокөліктегі науқасты Ақмола облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне алып барды. Олар әжесін көтеріп, зембілге салып, оны қабылдау бөлмесіне жеткізуге көмектесті.