Қарағанды мен Көкшетау жүргізушілері жолда көмек көрсеткені үшін СҚО полицейлеріне алғыс білдірді
Қарағанды мен Көкшетау жүргізушілері жолда көмек көрсеткені үшін СҚО полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жуырда Instagram-пабликтердің бірінде Қарағандының тұрғындарына көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдірілген пост жарық көрді: «Көкшетау қаласынан 130 шақырым жерде көлік істен шықты. Біз Қарағандыданбыз. Көрсеткен көмегі үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді. Көлік іске қосылғанша олар жарты күн бойы қол ұшын берді. Қиын тұста демеу көрсеткендеріне зор алғыс білдіремін».
Үш қарағандылық отырған Mercedes маркалы автокөлігі Қостанайдан үйлеріне бара жатқан тұста Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка мен Тоқсан би ауылдарының арасында сынып қалған. Жолаушылар өз бетімен ақауды жөндемек болса да, қолдарынан еш қайран келмеген.
Екатеринбург-Алматы автожолының аталған учаскесінда патрульде жүрген құармында СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция капитаны Рүстем Советов пен полиция лейтенанты Дидар Дүйселеков бар экипаж Mercedes-ті тіркеуге алып, Рузаевкадағы техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізген. Полицейлер қажетті қосалқы бөлшектің жеткізілуін бақылап, қарағандылықтармен көліктің жөнделуі аяқталғанша хабарласып тұрған. Адамдар үйлеріне аман-есен жол тартты, ал инспекторлар өз учаскелерін патрульдеуді жалғастарды. Instagram-дағы пост үйлерінен алыста қиын жағдайға тап болған адамдардың жүрекжарды алғысының куәсі.
Осыған ұқсас жағдай кешкілік 6 тамызда СҚО шалғай жері – Ақжар ауданында орын алған. Көкшетаудың тұрғыны Ержан Олжабаев Ақмола облысынан Кішкенекөл ауылында келе жатқан. Аудан орталығы Талшыққа жетер тұста оның ВАЗ-2114 көлігі сынып, газ тарату механизмі істен шыққан. Абырой болған жанынан СҚО ПД ППБ қызмет инспекторлары ауысымды тапсыруға дайындалып жүрген полиция аға лейтенанты Азамат Айтымов пен полиция кіші лейтенанты Абылай Нұржанов бар автопатруль өтіп бара жатқан. Полицейлер сынған көлікті тіркеуге алып, Кішкенекөлден 30 шақырым жердегі Ержан Омаровтың туысының ауласына жеткізген. Көкшетаулық жігіт патрульдік полицейлерге алғысын айтып, тіркеуге алынған сәттен түсірілген видеоны Instagram-дағы СҚО полиция аккаунтының direct-не жіберген.
СҚО ПД ППБ командирі Ерлан Мәдиевтің айтуынша, полиция жұмысының сервистік моделі шеңберінде жолда көмек көрсету патрульдіктердің қызметіндегі басымдылықтардың бірі болып табылады. Көбіне жүргізушілерге аяз бен боранда көмек ауадай қажет.
Күн сайын СҚО-ның қала сыртындағы трассаларында 15 патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.