Көкшетаулық тұрғын салынып жатқан үйден 11 су есептегішті ұрлап кеткен
Көкшетаулық тұрғын салынып жатқан үйден 11 су есептегішті ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
28 шілдеде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығындағы ЖШС өкілінің өтініші келіп түсті. Ол салынып жатқан үйдің аумағынан 11 су есептегішінің ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын сомасы 184 мың теңгені құрады.
Куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеген жедел уәкілдер аға учаскелік инспектор Н. Нұржаксинмен бірге күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған фактіге сәйкес, Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.