Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” ЖПІШ: Шығыс Қазақстанда 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстанда облысында “Қауіпсіз жол” ЖПІШ аясында 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

ЖКО-ға жол бермеу және көлік басқару тәртібін арттыру бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстары мақсатында 21-31 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының саны арттырылды. Негізгі бұзушылықтардың ішінде мас күйінде көлікті басқару және басып озу, қарсы жүру, маневр жасау ережелерін сақтаумен байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

ЖПІШ жүргізу кезеңінде 7 240 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 46 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 701факті, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 1250, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша (Маневр жасау ережелерін бұзу) 824 дерек анықталды.

Сонымен қатар, 200 көлік пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 106 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, 94 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру