Көкшетаулық жедел уәкілдер қызғаныштан жас қызды ұрып-соққан екі әйелді анықтады
Көкшетаулық жедел уәкілдер қызғаныштан жас қызды ұрып-соққан екі әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуірде Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне 18 жастағы жергілікті тұрғыннан 15 сәуір шамамен сағат 20.30-да дәмханалардың бірінде белгісіз әйелдер оған дене жарақатын салғаны туралы арыз келіп түсті.
Жауап алу барысында жәбірленуші құрбысының туған күнін дәмханада атап өткені белгілі болды, біраз уақыттан кейін оларға бейтаныс адамдар бірге отырып, көңіл бөле бастады. Кейін жәбірленуші төмен түсіп, себепсіз дене жарақатын келтіре бастаған екі әйелге тап болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар, қыздардың үстеліне барып отырғандардың жұбайлары – өз қарсыласының сазайын тарттыруды шешкен 29 және 39 жастағы әйелдерді анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Жәбірленушіге дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дәлелдемелер негізінде процессуалдық шешім қабылданады.