Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

Шымкентте жоғалған жасөспірім аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 12 жастағы қызының жоғалып кеткендігі туралы арызданған. Бастапқыда жасөспірімді отбасы мүшелері өз беттерінше іздеуге кіріскен. Дегенмен еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Ересектердің назарынан тыс қалған бала белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімді Темір жол вокзалы маңынан аман-есен тауып, отбасына қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру