Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулықтың сыртынан миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Көкшетаулықтың сыртынан миллион теңге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті, оның атынан белгісіз біреу «Kaspi Bank» қосымшасы арқылы 1 млн. 20 мың теңге көлемінде ақша қаражаты алынғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің 27 жастағы туысы анықталды, ол банктің мобильді қосымшасын пайдаланып, алаяқтық жолмен аталған соманы иемденген. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, 17 қарашада Зеренді АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінді, белгісіз адам алдау жолымен оған 2 млн. 970 мың теңге мөлшерінде несие ресімдегенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қаскүнемдерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру