Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда көлік жүргізу құқығы жоқ әйел анықталды

Екібастұзда көлік жүргізу құқығы жоқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қарашада сағат 22.05-де патрульдік полиция ротасының инспекторлары жол қозғалысын қадағалау жұмысын жүзеге асыру кезінде Екібастұз қаласындағы Кеншілер-Қарағанды көшелерінің қиылысында ресейлік нөмірлері бар ВАЗ-21140 маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде әйелдің көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды, өйткені оларды ешқашан алмаған.

Полиция көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын атап өтті. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

Биыл облыс бойынша көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 762 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 489-ы тек Екібастұз қаласында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру