Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!

СҚО полицейлері көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жайлы еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында 21-22 желтоқсан күндері синоптиктердің болжамы бойынша қолайсыз ауа райы сақталады. Өңіріміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп және бұрқасын болуына байланысты дауыл болады деген ескерту жарияланды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларға сақтық шараларын сақтап, айтылған болжамдарды ескере отыра, ұзақ сапарға шығу жоспарларын кейінге қалдыруға кеңес береді. «Көктайғақта және көру аймағы шектеулі болған жағдайда тәжірибелі жүргізушілердің өздеріне де оңай соқпай жатады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автомобиль жолдарында тәулік бойы кезекшілік етеді, әрдайым көмек көрсетуге дайын, бірақ бұл күндері ұзақ сапарлардан бас тартқан абзал» – дейді полицейлер.

– Қолайсыз ауа райы кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте болады. Қыс мезгілінде жол тазартатын кәсіпорындармен ұдайы түрде өзара қарым-қатынас жасалады. «Қазавтожол ҰК» АҚ, «СҚО әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ҚММ, «Петропавл қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі» КММ бізбен әрқашан байланыста, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.

11 аудандағы облыстық маңыздағы жолдарды «Петропавл жолдары» ЖШС (Ақжар ауданы – «Ленинград жолдары» ЖШС мердігер ұйымы), Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша «МГА-Дорстрой» ЖШС, Жамбыл ауданы бойынша «Строительный трест 17» ЖШС тазалайды.Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше жауын-шашын түскен күндері қар тазалауға 100-ден аса техника шығады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру