Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты

Павлодар облысында тас жолдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 20 желтоқсанда сағат 13.05 шамасында “Павлодар-Қызылорда” республикалық маңызға ие тас жолының 201 шақырымында “Subaru Outback”, “Lada Granta” және “Тоyоtа Cаmry” көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Lada Granta” автокөлігінде болған бес адам (жүргізуші мен төрт жолаушы, олардың біреуі жас бала) оқиға орнында қаза тапты.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқан адамдардың жеке бастары анықталуда.

ІІМ ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарлардан бас тартуға және ауа райы мен тас жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларға ден қоюға кеңес береді.

Полицейлер жүргізушілерді сақ болуға және жолдың жүру бөлігінде жаяу жүргіншіні байқаған кезде мұқият болуға шақырады.

 Қолайсыз ауа райы автокөлік жүргізушілерінің жолдағы жағдайларға назарын барынша шоғырландыруын, сондай-ақ қыс мезгілінде шиналарын ауыстыра отырып, көлікті жолдағы және метеорологиялық жағдайларға тиісінше әзірлеуді талап етеді.

Қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары “102” нөмірі бойынша ішкі істер органдарының бөліністеріне көмек алу үшін тәулік бойы хабарласа алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру