Көлігінің сыртына бейәдеп сөздер жазған атыраулық айыппұл арқалады
Көлігінің сыртына бейәдеп сөздер жазған атыраулық айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қазан күні сағат 18:23 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Афанасьева көшесінің бойынан көлік сыртына әртүрлі сөздер жазылған күйде жүрген Ваз-21144 маркалы автокөлігін байқап, тоқтатқан.
Тексеру кезінде аталған автокөліктің сыртында бейәдеп сөздер жазылып тұрғандығы белгілі болды.
19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігімен (Көлік құралының сыртына бейәдеп сөздер жазылған күйнде жүргізгені үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 58 340 теңге теңге көлемінде айыппұл салынды.