Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полиция инспекторына алғыс білдірді

Павлодар облысының тұрғыны учаскелік полиция инспекторына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар ауданы Әйтім ауылының тұрғыны Қарлыға Төлеубаева аудандық “Заман тынысы” газетіне хат жолдап, Кеңес ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Мұсаділовке алғыс білдірді.

Алғыс айтуға учаскелік инспектор көрсеткен көмек себеп болды. Әйел полицейдің жоғалған күйеуін Оразбек Елеукинді тауып бергеніне ризашылығын білдіреді. Күйеуі мал жаю кезінде жүрегі ауырып, тоғайда жатып қалған. Күйеуі қас қарайғанға дейін үйге келмеген соң, ол өзі іздеуге шыққан, ұзақ уақыт іздеді, бірақ таба алмады. Содан кейін ол жергілікті учаскелік полиция қызметкерінің көмегіне жүгінді. Полиция дереу жоғалған адамды іздей бастады.

– Руслан Мұсаділов күйеуімді түнде тоғай ішінен тауып алды. Таппаған кезде не боларын ойлаудың өзі қорқынышты, – дейді Карлыға.

Карлыға Төлеубаева полицейге қызметтік борышын атқарудағы жоғары жауапкершілігі мен ықыластығы үшін ризашылығын білдірді. Руслан Мұсаділдовке қиын еңбегінде табыс және әр түрлі игіліктер тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру