Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығынан айырылған ақтөбелік жүргізушісі тағы да мас күйде ұсталды

Көлік басқару құқығынан айырылған ақтөбелік жүргізушісі тағы да мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 наурызда Шалқар АПБ қызметкерлері «Базой-Шалқар» тас жолында 30 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Уаз-31519» автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, жүргізілген сараптама жүргізушінің орташа дәрежеде мас күйде екенін көрсетті. Сонымен қатар, 2018 жылы көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші үш жылға басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші АПБ УҰИ-ға қамалды.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Облыстық Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды және ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру