Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзудың мыңға жуық жайты анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзудың мыңға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД жұмыс тобы Шымкент қаласының Бас мемелекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысының 6-тармағына сәйкес өз жұмысын қайта бастаған нысандарына мониторинг жүргізілуде.

Полиция департамент қызметкерлері – рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, мониторингтік топ құрамында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайды, тіркейді және әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларға береді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап 02 наурыз аралығында барлығы анықталаған карантин режимін бұзудың – 953 жайты анықталды.

Оның ішінде: 

Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 251;

Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 58;

Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 116;

Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 478;

Басқа да орындарда – 50.

Барлығы анықталған құқық бұзушылықтардың іс-құжаттары  Шымкент қаласының аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына өткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру