Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер кезекті үй ұрысын анықтады

Кентаулық полицейлер кезекті үй ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданып, кешкі уақытта белгісіз біреулер оның қысқы уақытта тұрмайтын үйіне кіріп, үйге қажетті тұрмыстық техника мен бес бөтелке спирттік ішімдік заттарын ұрлап, өзіне 150 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған жайт Кентау ҚПБ-мен СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жақын аймақтарды аралап шығып, қалдырылған іздердің бар-жоғын мұқият тексерді, оған қоса бірқатар басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары көрген-білген ауылдықтардан жауап алды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары үй ұрысының ізіне түсті.

Ұзаққа созылған жедел-іздестіру іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде бұрын сотталмаған Кентау қаласының тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті жігіттен айғақты зат ретінде ұрланған заттың жартысын алып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болу және өз мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, ұрлықты болдырмау үшін өзінің шаруашылық аулаларын және үйлерін кіреберістердегі сенімді қоршаумен және құлыптармен нығайту қажет. Қандай да бір мүлік ұрланған немесе жоғалған жағдайда шұғыл “102” телефоны бойынша полицияға хабарлау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру