Бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйек күні сағат 04.30-да Ломоносов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-21074» автокөлігін тоқтатты. Ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, көлік құралын «орташа» дәрежеде мас күйінде басқарған.
Автокөлік айыптұрағына қойылды. Жүргізуші қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойламаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.