Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда кезекшілік тәулікте ақпараттық технологиялар саласындағы екі алаяқтық фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйекте Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс ПБ-не біреулердің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған 40 және 24 жастағы қала тұрғындарынан екі арыз түсті.

Сонымен, жәбірленушілердің біреуі пальто сату жөнінде хабарламаны сайттардың біреуінен көрді.  Бағасы да, сапасы да көңілінен шыққан әйел 40 мың теңгені шотқа аударды. Бірақ, айтқан уақытта пальто поштамен келген жоқ, ал ақшасы қылмыскердің қалтасына түскенін түсінген әйел полицияға жүгінді. Полицейлер 40 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын, күдіктіні анықтады.
Басқа жәбірленуші интернет арқылы принтер алмақ болған. Сатушыға 50 мың теңгені аударып, тауарды алмаған. Тергеу-жедел тобының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Алаяқтық жасаған Қостанай облысының 37 жастағы тұрғыны.

Екі факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру