Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері елде болу ережелерін бұзған 114 шетелдікті анықтады

Көлік полицейлері елде болу ережелерін бұзған 114 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, «Заңсыз келуші – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында көлік полицейлері 138 азаматты, оның ішінде 114 шетелдікті болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 105-і ТМД азаматтары болса, ал 9-ы алыс шетелден келген.

Сот шешімі бойынша 19 шетел азаматы елден шығарылды. Сондай-ақ аталған іс-шара барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш шетелдік анықталып, ұсталды.

– Мәселен, Павлодар станциясындағы көлік полицейлері Қырғызстан Республикасының 27 жастағы азаматшасын анықтады. Ол теміржол вокзалының қоғамдық тамақтану орындарының бірінде Қазақстан Республикасының аумағында рұқсатсыз жұмыс істеген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5-бабының 517-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, бір тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар шетелдік азаматқа жұмысқа орналасуға рұқсат алмай жұмыс берген 50 жастағы кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК, яғни 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды, – Оңал Бекеев.

Естеріңізге сала кетейік, 10-17 қазан аралығында ҚР-да заңсыз жүрген адамдарды анықтау және департаменттің қызмет көрсету учаскесінде заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында «Заңсыз келуші – 2022» ЖПІШ өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру