Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында пәтерлерге ұрлыққа түспек болған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында пәтерлерге ұрлыққа түспек болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінде жекеменшік үйлердің біріне ұры түскені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

34 жастағы жәбірленуші азаматша үйіне келгенде белгісіз біреу ұрлық жасамақ болып жатқанын, үй иесін көрген соң ұрлыққа түскен оқиға орынынан қашып кеткенін айтқан. Полиция қызметкерлеріне арызданушы ұрының шамамен 40-45 жас аралығында екенін айтқан.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында “ізін суытпай” 43 жастағы азамат ұсталды. Күдікті үйде ешкім болмаған кезде ұрлық жасамақ болғанын және үй иесін көргенде жымысқы ойын жүзеге асыра алмай қалғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Анықтау жұмыстары барысында күдікті екі күн бұрын осындай жолмен өзгенің үйіне түсіп, ол жерден қазан және 7 бөтелке шарап ұрлағаны анықталды. Келтірілген шығын 27 мың теңгені құраған.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 және 188 баптары (Ұрлық) бойынша қылмыстық істер тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру