Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері қанға мұқтаж жандарға донор болды

Бүгін, Көліктегі полициясы департаментінде Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп «Донор күні» ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлық қажетті құрылғыларымен жабдықталған арнайы мобильді пункті lепартамент алаңына келіп, көлік полицейлерінен қажетті мөлшерде қан алды.


Қан тапсырар алдын көлік полицейлері құжаттарды толтырып, дәрігердің тексеруінен өтіп, қан қысымын өлшеді. Барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін әр қызметкер 450 миллилитр қан тапсырды. Науқанға департамент басшылығы мен жеке құрамының 75 қызметкері қатысты.

– Көлік полицейлері қанға мұқтаж жандарға өз еркімен қан тапсырды. Бұл біздің жақсы дәстүрімізге айналды. Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, осындай қайырымдылық акцияларына қатысуға әрқашан дайынбыз, – деді департамент бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.


Айта кету керек, көлік полицейлері мұндай акцияларға әрдайым белсенді қатысып, олардың көпшілігі жыл сайын қан тапсыруға ниет білдіріп жатады.

Астана қаласы қан орталығының мамандары барлық полицейлерге игі істегі қолдаулары үшін ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру