Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері Шымкент әуежайында ер адамнан діни мазмұндағы 24 кітап тәркіледі

Көлік полицейлері Шымкент әуежайында ер адамнан діни мазмұндағы 24 кітап тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны Медина-Шымкент бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген болатын. Әуежайда тексеруден өту кезінде одан діни мазмұндағы 24 кітап анықталып, тәркіленді.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 173 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңының 9-бабының 3-бөлігіне сәйкес әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру