Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері теміржол ұйымының қызметкерінен тыйым салынған діни аудио дәрісті анықтады

Көлік полицейлері теміржол ұйымының қызметкерінен тыйым салынған діни аудио дәрісті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Вконтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе облысының 36 жастағы тұрғынынан діни аудио дәрісті сақтау фактісін анықтады.

Көлік полицейлері тексеру кезінде ер адамның деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігін анықтады. Сондай-ақ ол Хромтау станциясында теміржол қызметкері болып шықты.

Дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша ер адамның парақшасына орналастырылған материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында жариялауға және таратуға тыйым салынғаны анықталды.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (61260 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтау және тарату әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру