Көлік полицейлері Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіледі
Көлік полицейлері Жамбыл облысының екі тұрғынынан 23 келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Меркі ауданының Қарасу темір жол аралығында Жамбыл облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.
– Ұсталғандардың автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 23 келі 140 грамм, яғни аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді, – дейді көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.