Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ас көкнәрінен есірткі жасаған азаматты ұстады

Ақмола полицейлері ас көкнәрінен есірткі жасаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Щучинск қаласының 51 жастағы тұрғыны өз үйінде заңсыз бизнес жасаған. Шикізат ретінде ер адам кәдімгі ас көкнәрді қолданып, ал алынған есірткіні тұтынушыларға сатқан.

Ақмолалықтың қызметін қыркүйек айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты. Тұрғын апиын көкнәрінің тағы бір партиясын жасап жатқан жерінде ұсталды.

Ұсталған адамның үйінде полиция қызметкерлері есірткі жасауға арналған арнайы құрылғыларды тауып, тәркілеген.

Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. 

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Баптың санкциясына сәйкес, ақмолалық бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру