Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру әлі де қол жетімді емес
Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер бүгінде қол жетімді емес, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда техникалық ақауларға байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету тоқтатылған болатын. Оларды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Мемлекеттік қызметтерді қалпына келтіру ақпарат туралы қосымша хабарланады.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.